Astana Hub Instagram қауымдастығында сторис жариялау
IT қауымдастығы жиналатын жерде брендіңізді ілгерілетіңіз – Astana Hub Instagram-ында сіздің сторисіңіз!
- Сипаттама
Жариялау шарттары:
1. Жариялау тілі:
Материалдар қазақ және орыс тілдерінде дайындалуы керек. Сондай-ақ, ақпарат ағылшын тілінде ұсынылуы мүмкін.
2. Тақырыпқа сәйкестік:
Контент IT индустриясына, инновацияларға, білімге немесе стартаптарды қолдауға қатысты болуы керек. Олар мыналар болуы мүмкін:
- Іс-шаралар мен жобалардың анонстары;
- Компаниялардың жаңалықтары мен жетістіктері;
- IT өнімдер мен қызметтер туралы ақпараттық материалдар;
- Технологияларды дамытуға байланысты әлеуметтік бастамалар.
3. Заңнаманы сақтау:
Материалдар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзбауы тиіс және:
- Тыйым салынған контентті қамтымауы тиіс;
- Дискриминацияны, зорлық-зомбылықты немесе әдепсіз мінез-құлықты насихаттамауы тиіс;
- Жалған ақпарат таратпауы және пайдаланушыларды адастырмауы тиіс.
4. Astana Hub саясатына сәйкестік:
Контент Astana Hub-тың ішкі саясатына сәйкес болуы керек, соның ішінде:
- Кәсіби этика және іскерлік коммуникация нормалары;
- Білім беру, инновациялық және технологиялық контентке баса назар аудару.
5. Өтінімге қойылатын талаптар:
- Байланыс тұлғалары туралы шынайы сілтемелер мен ақпарат ұсыну.
- Сторис дизайны бойынша Figma файл ұсыну, біз оны фирмалық стильге бейімдейміз.
- Публикация серіктестік сторис ретінде белгіленеді.
6. Публикация форматы мен құрылымы:
Материал:
- Көрнекі және тартымды болуы, графика немесе фото қамтуы тиіс;
- Айқын әрі ақпараттық мәтінмен толықтырылуы тиіс.
7. Модерация процесі:
Әр өтінім мұқият тексеруден өтеді. Astana Hub материалдарды мына жағдайларда қабылдамау құқығын өзіне қалдырады:
- Astana Hub ішкі саясатына қайшы келгенде;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғанда;
- Кәсіби этика және іскерлік коммуникация нормаларын бұзғанда;
- Үшінші тараптардың құқықтары мен мүдделеріне қайшы келгенде.
Astana Hub Instagram аккаунты – сіздің жобаңызды немесе идеяңызды ілгерілету үшін IT-қоғамдастықтың кең аудиториясына қол жетімді тиімді алаң!