WeLoveFlutterFlow

Танымал Flutter шеңберіне негізделген инновациялық кодсыз қосымшаларды әзірлеу платформасы.


Саны
  • Сипаттама
WeLoveFlutterFlow Astana Hub-тың жаңа серіктесі атанды.


Код жазбай-ақ қосымшалар жасауға арналған инновациялық платформа, танымал Flutter фреймворкіне негізделген FlutterFlow жеке әзірлеушілерге және командаларға жоғары өнімділік пен нативті интерфейсті кросс-платформалы қосымшалар жасауға мүмкіндік береді.


Astana Hub қатысушылары платформаға 2 ай бойы тегін қол жеткізе алады.


Платформаның негізгі артықшылықтары:

- Визуалды конструктор: пайдаланушылар күрделі қосымша интерфейстерін компоненттерді холстқа сүйреп, оңай жасай алады;

- Кодсыз логика: интуитивті құралдардың арқасында пайдаланушылар қосымшаның логикасын кодтау бөлшектеріне назар аудармай-ақ орната алады;

- Оқыту материалдары: платформа жаңадан бастаушыларға тез игеруге көмектесетін көптеген нұсқаулықтар мен оқу құралдарын ұсынады