Сарапшы Кристина Ризванова: Маркетинг стратегиясы

Astana Hub маркетинг офисінің бас менеджері


Саны
  • Сипаттама
Сарапшы туралы:

Кристина Ризванова — Astana Hub маркетинг офисінің бас менеджері ретінде маркетингтік стратегия бойынша консультациялар жүргізеді. Қазақстандық және халықаралық нарықтарда өнімдер мен қызметтерді ілгерілетуде 8 жылдан астам тәжірибесі бар. НИУ ВШЭ университетінің маркетинг бойынша магистр дәрежесіне ие. Astana Hub-да Кристина контент-продукттерін, блогерлер және инфлюенсерлермен жұмысын, IT подкаст «Hub Talks» өндірісін және басқа да көптеген жобаларды басқарады.


Кеңес барысында не аласыз:

- Бәсекелестерді зерттеу және мақсатты аудиторияны талдау бойынша ұсыныстар;

- Сайттар мен әлеуметтік желілердегі контентті оңтайландыру және маркетинг стратегиялары;

- Әр түрлі платформалардағы интернет-жарнама кампанияларын оңтайландыру бойынша кеңестер;

- Жарнама кампанияларының тиімділігін бақылау және талдау бойынша қолдау;

- Деректерді жинау және талдау үшін аналитика құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстар.


Кеңес қалай өтеді:

Форматы: Zoom немесе Google Meet арқылы онлайн;

Ұзақтығы: 1 сағат.


Қосымша қадамдар:

Кеңес алғаннан кейін біздің менеджер сізбен байланысып, сессияға дайындалу үшін сауалнама жібереді. Бұл уақытты тиімді пайдалану мен негізгі сұрақтарыңызды шешуге көмектеседі.